Сенатор Сергей Ершов құтқарушылардың жалақысын көтеруді және зейнетке шығу жасын қысқартуды ұсынды.
Сенатор премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасақтарының қызметіне байланысты бірқатар маңызды мәселеге тоқталды.
«Құтқарушының лауазымдық жалақысы 1 қаңтарынан бастап 23%-ға өскенін есепке алғанда, 105 208 теңгені құрайды. Біздің ойымызша, мұндай қауіпті кәсіп қызметкері үшін бұл жеткіліксіз. Өйткені бұл мамандар күн сайын құтқару жұмыстарын атқарады және өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді», деп атап өтті Сергей Ершов.
Сенатор құтқарушылардың зейнетке 63 жасында шығуын да дұрыс емес деп санайды. Себебі олар төтенше жағдайда жұмыс істейді.
Құтқарушыларға жасына қарай ауыр жүктемемен күресу қиындай...