Қазақстан маусымаралық кезеңде Тәжікстаннан пияз импорттайтын болды. ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев бастаған қазақстандық делегацияның Тәжікстанға жұмыс сапары барысында осындай келісімге қол қойылды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Сапар аясында ҚР Бірінші вице-министрі Тәжікстан Үкіметі жанындағы экспорт агенттігінің басшысы Бахриддин Сироджиддинзодамен, Тәжікстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің бірінші орынбасары Ашурба Солехзодамен, сондай-ақ Тәжікстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Нигина Анваримен кездескен. Келіссөздердің негізгі тақырыбы – қазақстандық нарықты алдағы маусымаралық кезеңде қажетті көкөніс- жеміс өнімдерімен қамтамасыз ету.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 1,4 млрд долларды құрады. Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт көлемі 9,7%-ға...