Ауғанстан, Қазақстан және Түркіменстан аймақтық сауданы дамыту мақсатында Ауғанстанның Герат провинциясында ірі логистикалық хаб салу туралы келісімге келді. Бұл туралы «Талибан» радикалды қозғалысының Индустрия және сауда министрі міндетін атқарушы Нуруддин Азизи Reuters агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Аталған хабты салу туралы келісімге Ауғанстан, Қазақстан және Түркіменстан Кабулда бірлескен консультациялардан кейін өткен келіссөздер кезінде келген. Келіссөздер алты айға созылған. Екі айдан кейін тараптар келісім жобасын дайындайды.
«Герат провинциясында Ауғанстан, Қазақстан және Түрікменстан инвестицияларымен Солтүстік-Оңтүстік Азия дәлізінің сауда жолдарының қиылысында логистикалық хаб салынады», – деді Азизи.
Оның айтуынша, осы орталық арқылы Ауғанстанның батысындағы Ресей мұнайын Пәкістанға және...