Қазақстан Бас прокуратурасы «Қаңтар оқиғасына» қатысты істі тергеу барысында бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан жауап алғанын растады.
Бас прокуратура бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты және полиция органдарының басқа да басшыларын қылмыстық қудалау туралы тараған ақпаратқа түсініктеме берді.
Ведомство ақпаратына сүйенсек, 2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпей, азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді жалғастырған.
«Оларды жасағаны үшін соттармен облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталды. Жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер шеңберінде бұрынғы Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтан жауап алынды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Бас...