2023 жылдың IV тоқсанында қазақстандықтардың табыстары жан басына шаққанда орта есеппен 305 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 21,2%-ға жоғары, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Ал халықтың шығыстары жан басына шаққанда орта есеппен 277 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 12,3%-ға жоғары.
Елорда көш бастады
Өңірлер бойынша қарастырсақ, ең жоғары орташа табыс деңгейі – 430 мың теңге Астана тұрғындарына тиесілі. Ең төменгі көрсеткіш Шымкент пен Түркістан облысында тіркелді. Бұл өңірлердегі табыс деңгейі орташа республикалық деңгейден 27%-ға төмен.
Қазақстандықтардың табысының басым бөлігі – 74%-ы жалақыдан, 16,8%-ы зейнетақыдан және 3,7%-ы жәрдемақыдан тұрады.
Қазақстандықтардың шығыны...