12 наурызда Қазақстан энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Тәжікстанға 15 мың тонна мазут түрінде гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі жанындағы «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі хабарлады.
Ресми гуманитарлық көмек аясында Қазақстан Үкіметі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Тәжікстан Республикасына 15 мың тонна мазут жеткізу туралы шешім қабылдады.
«Гуманитарлық жүктерді жеткізу «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің көмегімен жүзеге асырылады және даму, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірлік ынтымақтастыққа, сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстанның ғасырлар бойғы қарым-қатынастарына тән бауырластық пен өзара көмек көрсетудің көрінісі», – делінген хабарламада.
Қазақстан тарапы Тәжікстанға қаржылай есепте көрсеткен гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 2006 жылдан бастап шамамен 45 млн теңгені құрады.
Осыған дейін...