Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Маңғыстау облысындағы мұнай ұңғымасындағы апаттан кейін ауаға таза метан бөлінді деген ақпаратты жоққа шығарды.
Жомарт Әлиев кен орынында апат болғанын растады, алайда ауаға таза метан тарады деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Метан – өте улы газ. Ал оған бүкіл әлемде бақыланатын процесте тыйым салынған. Төтенше жағдайда да оны жай ғана өртеп жібереді. Қазір метан шығарындыларының үлкен көлемі туралы мәселе көтіріліп жатыр. Апат болған сәттен бастап газ ағынының өзі өртенді. Иә, жану нәтижелері бойынша, бұл газ қоспасының жануы болды. Экологтар апта сайын өлшеулер жүргізді, заттардың жекелеген түрлері бойынша шекті мөлшерден асып кету...