21 ақпанда Мәжіліс депутаттары педофилия мен кәмелеттік жасқа толмағандарды өлтіру бойынша айыпталған қылмыскерлерді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы заң жобасын мақұлдады.
Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау және отбасылық қылмыстық жағдайларда денсаулыққа жеңіл зиян келтірілген жағдайда жазаны қатаңдату туралы заң жобасын талқылап, бірінші оқылымда мақұлданды.
Заң жобасын таныстырушы Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова негізгі бағыттарының балалардың қауіпсіздігін сақтау екендігін айтты. Балалардың құқығын қорғауда 2 жаңа норма қарастырылды. Жаңа редакцияда педофилия және кәмелетке толмаған баланы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылды.
Тағы қандай түзетулер болады?
Зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке немесе адамның қадір-қасиетін қорлауға жол бермеу мақсатында бірқатар нормалар...