2022 жылғы 14 шілдеде ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы», сондай-ақ «Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрықтары күшіне енді.
Бұйрықтарға сәйкес Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы литріне 187 теңгені құрайды, Қазақстанның басқа облыстарында бағалар бұрынғы 182 тг/литр деңгейінде сақталады. Екі облыста бағаны түзету бөлшек-сауда сатушылардың мұнай өнімдерін өндіруші зауыттардан алыстығынан логистикалық шығындармен байланысты.
Сондай-ақ мұнай өнімдері тізбесінен Аи-95 маркалы бензиннің бағасын мемлекеттік реттеу алынып тасталды, өйткені Аи-95+ және жоғары өнімдерді өндіру кезінде қымбат тұратын импорттық қоспалар мен бензиндердің жоғары октанды компоненттерінің үлкен шығыны талап етіледі. Импорттық қоспаларды...