Ерлі-зайыпты адамдар екіге кетсе де, ата-ана ретінде арадағы балаларына материалдық көмек беруі заңмен міндеттеледі. Яғни бала кімнің қолында қалатын болса, сол тарапқа ай сайын табысының белгілі бір бөлігін беріп отыруы керек. Кейде екеуара келісім жасау оңай болады. Ал енді бір жағдайларда алименттен қашатын оқиғалар да кездеседі. Қазақстандағы алимент мәселесінде не ескеру керек, заң не дейді, көлемі қандай және қалай рәсімдейді? Бұл туралы бүгінгі материалымыздан біле аласыздар.
Алдымен қай заңмен реттелетініне тоқталсақ. Неке және отбасы кодексіне сәйкес, алимент дегеніміз — бір адамның оны алуға құқығы бар адамға төлеуге міндетті ақысы. Баланы асырау ата-ананың міндеті болғандықтан, ажырасса да ол міндет мойнында...