Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC компаниясы Қашаған теңіз кешенінде мұнай, сарқынды су, басқа да сұйықтық төгілген жоқ деп мәлімдеді. Қашаған кен орындағы D аралы толық тексеріліп, мұнай төгілгені дәлелденбеген.
«2024 жылғы 30 наурызда сағат 7:43 (GMT+5) немесе 2:43 (UTC) кезінде Қашаған теңіз кешенінде мұнайдың, сарқынды судың немесе басқа сұйықтықтардың төгілуі туралы болжамды ақпарат бойынша дәлелдер жоқ», – дейді компания.
Мәселе қайдан шықты?
2 сәуірде «Глобус» экологиялық-құқықтық бастамалар орталығының атқарушы директоры Галина Чернова Қашаған кен орны маңында сұйықтық төгіліп жатыр деп дабыл қаққан. Экобелсенді ғарыштан жүргізілген мониторинг аясында «30.04 (02:43 UTC) Еуропалы...