Orbis Manufacturing компаниясы Yibin Kaiyi Automobile Co.Ltd автомобиль концернімен меморандумға қол қойды. Құжат Orbis Manufacturing компаниясының Қазақстанда KAIYI брендінің автомобильдерін шығару құқығын растайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Меморандум бойынша, қытайлық өндіруші Orbis Manufacturing компаниясына толық цикл технологиясы бойынша KAIYI автомобильдерін өндіру үшін толық қолдау көрсететіні бекітілген.
«ҚР мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық әріптестік дамып жатыр. Біздің мақсатымыз – қазақстандық тұтынушыларға ең заманауи талаптарға сай және қала көтеретін бағамен жаңа өнім ұсыну. Біз Қытайдың жетекші брендтерінің жоғары технологиялық автомобильдерін өндіруді ұйымдастыруға шамамен 72 млрд теңге инвестициялаймыз. Біздің жобамыз Қазақстан мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды...