Қазақстан қор биржасында Air Astana жай акцияларының бағасы орналастыру бағасынан 1,7%-ға арзандады. Қазіргі уақытта бір акцияға 1054 теңгеден сатылуда. Сауда көлемі: 83,4 млн теңге. IPO барысында жалпы 370 млн доллар тартқан компания инвесторлардың үдесінен шыға алмады ма?
Бұл туралы KURSIV.KZ тілшісі экономист Бауыржан Шурмановтан сұрады.
«Air Astana-ның ерекшелігі оның шетелдіктердің көп қатысуы болды. Нарық қатысушылары IPO-дан кейін британдық серіктес компанияның құнын арттырғысы келеді деп армандады. Қазіргі жағдайда тәжірибе көрсетіп отырғандай Air Astana-ның да, «Самұрықтың» да басшылығы бұған аса мүдделі емес», – дейді экономист.
Сарапшының пайымынша, бұл инвесторлар үшін сәтсіз болған «Самұрық-Қазына» компанияларының қазақстандық нарықта екінші рет орналастырылуы. Бұл ретте Бауыржан...