Қазақстан Ресейге электр қуатын арзанға сатып, артынан қымбатқа сатып алады. Мұның сыры неде? Бұл сұраққа «KEGOС» АҚ басқарушы директоры Нұржан Керімқұлов жауап берді.
Компанияның 2023 жылдың қорытындысына арналған брифингінде журналистер Ресейдің Қазақстанға 1 КВт\сағ қуатты – 19 теңгеден, ал Қазақстанның Ресейге дәл осындай қуат көзін – 6,44 теңгеге сататынына назар аударып, мәселені түсіндіріп беруді сұрады.
«KEGOС» АҚ басқарушы директоры екіұшты жауап берді.
«Ресейден импортталатын қуаттың негізгі бөлігін майнерлер тұтынады. Біз электр қуатын ресейлік майнерлер мен бірыңғай сатып алушының қажетілігіне қарай импорттаймыз. Майнерлер 2023 жылы 1 млрд 48 млн КВт/сағ қуатты сатып алды. Бірыңғай сатып алушы...