Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара тауар айналымын ұлғайту үшін «УзКазТрейд» ЖШҚ сыртқы сауда компаниясы құрылды. Экспорттық-импорттық кәсіпорынның құрылтайшылары «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы” АҚ және «УзТрейд» АҚ болды. Бұл туралы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы » АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері басшыларының уағдаластықтарын дамыту үшін елдеріміз арасында логистикалық маршруттарды, сондай-ақ экспорттық-импорттық операцияларға арналған қызметтерді кеңейту жөніндегі жобалар белсенді түрде іске асырылуда. Өзара сауданы ұлғайту — екі тарап та жүзеге асыруға мүдделі бірінші кезектегі міндеттердің бірі.
Сыртқы сауда компаниясының қызметі екі елдің ірі кәсіпорындарының өнімдеріне нарықтық зерттеулер мен бәсекелестік талдау жүргізуге, дайын өнімді өндіруге тапсырыстарды орналастыру, өзара сауда...