Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қатты пайдалы қазбаларды өндірудің сервистік қызметтері нарығына талдау жасап, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің іс-әрекеттерінен бұзушылықтар анықтаған. Бұл жайлы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттік хабарлауынша, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арнай бұйрық шығарып, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ ведомстволық бағынысты ұйымына инвесторлардан ақы алу құқығын берген.
Солайша 2022-2023 жылдарда жалпы сомасы 1,18 млрд теңгеге геологиялық ақпарат алуға 3999 өтінім түскен. Ең көп төлем сомасы – 1 қызмет үшін 38,9 млн теңгені құраған.
«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бұл бұйрығы барлық мүдделі тарапқа геологиялық ақпаратқа ашық және тегін қол жеткізуге кепілдік беретін «Жер қойнауы және...