Қазақстанда соңғы 10 жылда атаулы жалақы 3 есеге артты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша ол 393 605 теңгені құрады. «Экономикалық зерттеулер институты» өңірлік зерттеулер орталығының аға сарапшысы Әйгерім Аманжолова елімізде орташа жалақы мөлшері қалай өзгергенін айтып берді.
Ең жоғары атаулы орташа жалақы 2013 жылғы кезеңнен 2023 жылғы 3 тоқсанға дейін Атырау және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында тіркелді. Ал осы кезеңдегі ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында болды. 2023 жылы Атырау облысында ең жоғары атаулы жалақы (602 411 теңге), ал Түркістанда ең төмен жалақы (248 905 теңге) тіркелген екен.
«2023 жылды...