Жақында ғана Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясының Алматы облысындағы Үлкен ауылы маңында салынатынын жария етті. Бұған дейін де АЭС-тың қай маңнан бой көтеретіні жайлы арагідік айтылып, бұл ретте Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары жиі аталушы еді. Енді бұл мәселеде үкімет нақты байламға келген секілді.
«Нақты орын емес, орналасатын өңірге қатысты ведомствоаралық комиссия өткіздік. Қалай десек те, ол Балқаш көлі маңында орналасады. Бұл – Алматы облысындағы Үлкен ауылының төңірегі. АЭС салынатын жерді айқындадық. Енді атом электр стансасы құрылысына қатысты бірқатар аспекті мен нюанстарды зерделеу жұмысын жүргізу қажет. Олар геология және суға байланысты мән-жайлар. Осыдан кейін нақты координаттар белгілі болады...