«Обажаю» YouTube арнасының авторы, журналист Асхат Ниязовтың үстінен «Жала жабу» бабы бойынша қозғалған әкімшілік істің сот процесі тоқтады. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің шағымынан кейін іс сотқа жіберілген еді. Алайда Астана қаласы әкімшілік сотының судьясы құқық бұзушылық белгілерінің жоқтығына байланысты істі тоқтату туралы шешім қабылдады.
Адвокат Әсел Тоқаеваның айтуынша, бұл істе «жала жабу» және «жалған ақпарат тарату» сияқты баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық болмаған.
Бұған дейін Асхат Ниязов ҚР СІМ-нің «Азаттық» радиосының кейбір журналистерін аккредиттеуден бас тартқаны туралы ақпаратпен бөліскені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін хабарлаған едік. Оған ҚР ӘҚБтК-нің «жала...