Польша мен Ресей операторлары Қазақстан мұнайын Германияға транзиттеуді жалғастыруға келісті. Бұл жайында Reuters басылымы жазды.
Қазақстаннан Польшаға тәулігіне 2 млн баррель мұнай құбырдың солтүстік тармағы арқылы келеді.
«Транснефть» сәуір айында Польшадағы мұнай шығынын өлшейтін құралдарды сертификаттауға байланысты Германияға мұнай тасымалының тоқтауы мүмкін екенін ескерткен. Бір жағынан PERN компаниясының батыс санкцияларынан сескенгені айтылады.
Сонымен польшалық PERN, ресейлік «Транснефть» және германиялық PCK Schwedt мұнай өңдеу зауыты ресейлік емес компанияның Дружба құбырының поляк бөлігінде мұнай шығынын өлшейтін құралдарды күтіп-ұстауына келісім берді.
Словакиялық компания поляк аумағында бухгалтерлік есепті ұсынады. Бұл амал өз кезегінде PERN-ге бағытталатын санкциялардың әсерінен қорғайды. Талап бойынша есептегіштер ресейлік...