5 жыл ішінде Қазақстанда энергетика саласындағы метан шығарындылары айтарлықтай азайды. Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) өкілдерімен кездесу өткізген Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осылай деп мәлімдеді.
Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның энергетика саласында парниктік газдардың төмендеу үрдісі байқалатынын атап өтті. Оның айтуынша, бес жыл ішінде саладағы метан шығарындылары СО2 эквивалентіне 1,2 миллион тоннаға азайған.
Сондай-ақ кездесу барысында Сәтқалиев ЕҚДБ өкілдеріне сутегі стратегиясын әзірлеу жөніндегі жоспарлармен бөлісті. Қазір бұл іс министрлікте талқылануда. Аталған құжат сутегін өндіру, тасымалдау және сақтаудың үздік технологияларын әзірлеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған.
«Сонымен қатар сутегі энергетикасы саласындағы озық тәжірибені насихаттау құралы ретінде Қазақстанда...