Экс-президент Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев Лондонда, Букингем сарайы маңындағы зәулім сарайын 34,7 млн фунт стерлингке сатқан. Бұл жайлы Financial Times баспасы жазды.
Қазақстандық олигарх бұл ғимаратты 2007 жылы сатып алыпты.
Басылымның жазуынша, бұл жолғы сатып алу-сату рәсімі наурыз айында өткен. Ғимаратты North Wind Capital инвестициялық компаниясы сатып алған. Ал бұл компанияның негізін қалаған Deutsche Bank-тің бұрынғы топ-менеджері – Бен Уильям.
«Майфэрде, Букингем сарайының маңындағы Аппер-Гросвенор көшесі бойында орналасқан үлкен таунхаусты North Wind Capital компаниясы наурыз айының соңында сатып алған. Ал North Wind жылжымайтын мүлік саласындағы инвестициялық компаниясының негізін қалаған Deutsche Bank-т...