Қазақстан мен Ауғанстан бірігіп Геологиялық барлау жөніндегі техникалық комитет құрады. Осыған орай Ауғанстан Қазақстанға кен орындары белгіленген картасы мен зерттеулерін ұсынады. Бұл жайлы Үкімет үйінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан вице-премьері Серік Жұманғарин Ауғанстанға жұмыс сапармен барған. Онда премьер-министр Ауғанстанның мұнай және шахта министрі Шахабуддин Делавармен кездесіп, геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылаған.
Ауғанстан аумағының пайдалы қазбаларды өндіруге орасан зор әлеуеті бар. Атап айтқанда, бұл елде мұнайдың, табиғи газдың, тас көмірдің, темір және түсті кеннің, сирек кездесетін металдардың бай қоры бар.
Қазақстан мұнай мен газдың, қатты пайдалы қазбалардың айтарлықтай қорына ие бола...